______________

Қапал Арасан

Қапал Арасан
Сіздерді 150 жылдық даңқы бар "Қапал Арасан" курортында демалуға және сауығуға шақырамыз. "Қапал Арасан" санаторийі Жетісу жүрегі Талдықорған қаласынан 110 шақырым жерде Жонғар Алатауының солтүстігінде, қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың "Жетісу суреттері" жырында сұлулығы паш етілген таңғажайып көрікті Жөңке жазығында орналасқан. Оның таулы алқаптық климаты, сан-алуан шөптер мен гүлдердің жұпарына қаныққан таза ауасы, шуағы мол күні және шипалы суы ежелден-ақ адамдарды өзіне тартқан. "Қапал Арасанның" шипалы суының емдік қуаты жергілікті тұрғындарға бұрыннан-ақ белгілі болғаң ал мұнда алғашқы курорт 1852 жылы құрылған. "Қапал Арасан" куротында әр кездерде Шоқан Уәлиханов, Семенов - Тяньшанский сияқты атақты адамдар да өз денсаулықтарын түзетіп, демалған. Аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев "Қапал Арасанды" ерекше ұнатып, оның дамуына едәуір үлес қосқан. "Қапал Арасан" санаторийінің негізгі емдік көзі - термальды бұлактар. Бұл шипакөз суы өзінің құрамы жағынан Болғариядағы "Бани", "Велинград", Чехославакиядағы "Янски Лазне", Грузиядағы "Цхалтубо" және Югославия, Венгрия,Италия, Франция т.б. елдердегі атақты әлемдік курорттардың емдік суларынаң баламасы бола алады. Қапал Арасанның табиғи минералды суы адам ағзасына көп қырынан әсер ететін емдік қуатқа ие. Бұл судың терапевтік әсері оның құрамында газ тәріздес азоттың, физиологиялық белсенді кремний қышқылының жоғары сілтіктің, сондай-ақ радонның аздаған мөлшерінің болуымен байланысты. Олар тірек-қозғалыс мүшелері ауруларын (артриттер пен полиартриттер, остеохондроз, радикулит), жүйке жүйесің ауруларын, жүрек-қантамыр ауруларын, гинекологиялық және урологиялық ауруларын (дерматиттер, аллергиялық дерматиттер), ас қорыту ағзалары ауруларын, байырғы созылмалы және кәсіптік интоксикацияларды емдеу және алдын алу үшін ұсынылады. Термальды сумен емдеу мынадай түрлерде жүргізіледі: жалпы ағзаға арналған ванна; ағзаның белгілібір нүктесіне гидротерапия; циркулярлық бүрікпе; жауынды бүрікпе; жоғары шапшыма бүрікпе; Шарпо бүрікпесі; суасты бүрікпе-массаж; гинекологиялық жуу және ішек құрылысын жуу (АМОК-2 аппараты), ауыз қуысындағы қызыл иекті жуу, сондай-ақ ішү режимі түрінде.
Название Цена (KZT)
Cottage 38000
Luxe 4 bed room 33000
Double luxe 21000
Semi-luxe 2 bed room 16000
Standard 2 bed room 13000
Semi-luxe (1 per) 8000


Отзывы




Бронирование



Email, телефон и как Вас зовут